• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы  №181 

288 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 8 тамыз Алматы қаласы «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 29 қыркүйектегі № 377 қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 29 қыркүйектегі № 377 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1659 тіркелген, 2001 жылғы 2 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 255 (23603) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Әбішева Т.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберсін; 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастырсын; 3) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және филиалдарына жіберсін. 3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны бір апта мерзімде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін. 5. Осы қаулы1 қабылданған күнінен бастап қолданысқа енеді. Ұлттық Банк Төрағасы Д.АҚЫШЕВ Дұрыс: Бас маман-ҚРҰБ Басқармасының хатшысы А. Дупленко 1 «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 29 қыркүйектегі № 377 қаулысының күші жойылды деп тану туралы